хабарлама » "О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі"КММ
Шығыс Қазақстан облыс
Глубокое ауданы білім бөлімінің
"О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72331) 2-31-67
Есепші бөлімі:
+7(72331) 2-17-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2021

хабарлама

Қамқоршылық кеңесін құру туралы

Хабарлама


«О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ – не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес – «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 25.01.2021 ж


Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі тел/ факс: 8/72331 / 2 – 31- 67, 2 -17 -94.

Мектеп директоры : Доскалиева С.Ж.

Директордың ТІЖ орынбасарлары: Дженсыбаева Э.М.  +87764741122

Амренова Қ.С.  87750864540

Электронды адрес: vko.bokey@yandex.kz